Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауғанстанның солтүстігінде 21 Талибан содыры жойылды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясында ауған армиясы «Талибан» қозғалысының содырларымен қақтығысты.

Ауғанстанның солтүстігінде 21 Талибан содыры жойылды

Ресми мәліметтер бойынша, арнайы операция Тәжікстанмен шектесетін Имам Сахаб провинциясы ауданында өткен. Соның нәтижесінде 21 тәліб жойылды, жарақаттанғандар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» қозғалысының жандануы өткен жылғы күзде тіркелді. 2015 жылғы қыркүйекте осы қозғалыс содырлары стратегиялық маңызды Құндыз қаласын - Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы провинциянык әкімшілік орталығын өздерінің бақылауына алған болатын.