Ауғанстанның вице-президенті жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның вице-президенті генерал Абдул-Рашид Дустумды жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Khaama Press агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Дустум өткен аптада талибтер басып алған Гормач ауданында қауіпсіздік қызметінің жасағына ілесіп келе жатқанда, елдің солтүстік-батысында  Фарьяб провинциясында торуылға түсті. Ауғандық  премьер Абдулла Абдулла вице-президенттің жеңіл жарақаттанғанын растап, оның денсаулығына еш қауіп жоқтығын айтты.   

Түріктің  Anadolu агенттігі жасаққа шабуыл кезінде ауғандық 15 әскер қаза тауып, 20-сы жарақаттанғанын хабарлады.  

Соңғы жаңалықтар