Ауыл балалары шетелдік ЖОО-ларда оқуға қызығушылық танытты

АСТАНА. KAZINFORM — Ғылым және жоғары білім министрлігі Түркістан, Қызылорда облыстарының мектеп бітіруші түлектеріне еліміздің жоғары оқу орындары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.

талапкер
Фото: видеодан кадр

Талапкерлерге арналған көрмеде жоғары оқу орындарының білім бағдарламалары ұсынылып, «Серпін» бағдарламасы, ауыл квотасы, басқа да бағдарламалар түсіндірілді.

Көшпелі көрмеге шетелдік ЖОО филиалдары да қатысып, өздерінің білім бағдарламаларын таныстырды.

Көптеген талапкерлер жоғары оқу орындарына түсу бойынша сұрақтар қойды.

Сол жерде балалар ағылшын тілінде сұрақ қойып, шетелдік ЖОО филиалдарының өкілдерін таң қалдырды.

Олар шетелдік бағдарлама бойынша оқу, ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі ерекше қызықтырғанын айтты.

Жоғары білім көрмесінің мақсаты — талапкерлер мен ата-аналарға жоғары оқу орындары мен колледждерге және оқуға түсу шарттарымен таныстыру, мамандықтар туралы толық ақпарат беру.

Соңғы жаңалықтар