«Ауыл» партиясының экс-төрағасы Ғани Қалиев өмірден өтті

Ғани Қалиев
Фото: inbusiness.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасында өмірден өтті.

Ғани Қалиев еліміздің саяси өміріне де белсенді араласқан, ҚР Жоғарғы кеңесі мен Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының экс-төрағасы.

Ол 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында туған.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);

1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.

1999 жылдан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты атанды.

Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылғанын атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар