Ауыл шаруашылығына жұмсалатын судың 45% ысырап болып жатыр – Наталья Годунова

суару
Фото: pexels

Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова су ресурстарының басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын таныстырды, деп хабарлайды Kazinform.

«Өзге елдермен салыстырғанда біз іс жүзінде су үнемдеу технологияларын қолданбаймыз немесе өте сирек қолданамыз. Ескі каналдар мен тозығы жеткен желілерде ысырап болып жатқан судың көлемі өте үлкен. Біз есептедік. 2022 жылы ауыл шаруашылығында ғана ысырап болған судың көлемі 5,2 текше шақырым болған. Бұл салаға алынған судың 45 пайызы деген сөз», – деді ол.

Наталья Годунова бұл шығынды жойса, трансшекаралық өзендерге тәуелділіктен арылуға болатынын айтады.

«Ал трансшекаралық өзендер арқылы сырттан келетін судың тапшылығы былтыр 0,8 текше шақырым болған. Осыдан-ақ су үнемдеу технологиясын жаппай енгізу арқылы трансшекаралық өзендерден келетін судың тапшылығын қалай жабуға болатынын өздеріңіз де бағалай аласыздар», – деді Жоғары аудиторлық палата басшысы.

Соңғы жаңалықтар