Ауыл тұрғындары әкім сайлауына қызығушылық танытып отыр – Руслан Желдібай

АТЫРАУ. KAZINFORM – Елімізде ауыл тұрғындары жергілікті әкімдерді сайлауға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Президенттің Ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай айтты. 

Руслан Желдібай
Фото: akorda.kz

Оның айтуынша, Ұлттық құрылтай платформасында өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланады. Мәселен, «Азаматтық қоғам» секциясында әлеуметтанушы Гүлмира Ілеуова жергілікті әкімдерді сайлаудың нәтижесі туралы сұрады.

«Жергілікті жердегі сайлау – біз жүргізген маңызды реформалардың бірі. Соңғы сайлау аудан және ауыл тұрғындарының қызығушылық танытқанын көрсетті. Енді ел азаматтары сайлау процесіне қатысуға тырысып отыр. Олар әкімді өздері таңдап, белгілі бір іс-шаралардың орындалуын сол кісіден сұрайтын болады. Біз сайлау нәтижесіне талдау жүргіземіз. Қазір өңірлерде жергілікті әкімдердің сайлауына қызығушылық жоғары», - деді Руслан Желдібай.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Ұлттық құрылтай ел дамуының бағытын айқындайтын бірегей платформаға айналғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 58 ел қатысады.

Мәдениет және ақпарат министрі Креативті индустрия өкілдері үшін арнайы салықтық жеңілдіктер енгізілгенін айтты

Соңғы жаңалықтар