Ауылшаруашылық техникасын сатып алу: 5%-бен 120 млрд теңге бөлінген

АСТАНА. KAZINFORM – Фермерлерге «жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін 5%-бен 120 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

«Ертіс орманы» резерваты
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

«Ауыл шаруашылығы техникасымен жаңарту деңгейі 4,5%-дан 5,5%-ға дейін ұлғайды. Бұған дейін агротехнологияларды кеңінен енгізуге жеңілдетілген қаржыландырудың жеткіліксіздігі кедергі болды, бірінші кезекте бұл – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беру. 

Мәселең бюджеттік несиелеудің жетіспеушілігінен туындап отырды, өйткені бұрын саланы тікелей мемлекеттік қаржыландыруға баса назар аударылған.

Ағымдағы жылы бұл тәсілдер қайта қаралды. Коммерциялық қаражат пен қаржы құралдарын біріктіру есебінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржыландыру көлемі 3 еседен астам ұлғайды», - деді вице-министр «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XII Съезі алдындағы жиында.

Сонымен қатар, АШМ өкілі фермерлерге жылына «таза» 5%-бен жеңілдетілген қаражатты тезірек жеткізу үшін атқарылған жұмыстарды атады. 

«Қысқа мерзімде Үкіметтің қолдауы арқылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, Аграрлық несие корпорациясы, екінші деңгейлі банктер арқылы фермерлерге «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша отандық өндірістің ең қажетті техникасының кең тізбесін сатып алу үшін «таза» 5%-бен 120 млрд. теңге бағытталды», - деді Азат Сұлтанов. 

Айта кетейік, Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XII Съезі өтті. Орталық мемлекеттік орган вице-министрлерінің, ҚМА, Антикор, Бас Прокуратураның басшылық құрамдары және «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ және басқа да жетекші даму институттарының қатысуымен өткен шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген шаруалар өздерін толғандырған мәселесін айтты.

Соңғы жаңалықтар
telegram