Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңіс тұғырына көтерілді. 

Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
Фото: IWF

Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) еңсерді. 

Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды – 261 келі (108+153). Ал үздік үштік ресейлік Абубакар Цакаевтың еншісіне жазылды – 252 келі (113+139).

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Канадада өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар