Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартып, Азиаданың күміс жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында ауыр атлетикадан 85 келіде жүлде сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасында 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты. Серпе көтеруде отандасымыз 206 келіні көтеріп, қоссайыста 378 келімен екінші орынға тұрақтады.
Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) - 379 келі (165+214)
Алексей Чуркин - 378 келі (173+205)
Шуннан Чен (Қытай) - 374 келі (163+211)
Айта кетейік, бұл ауыр атлетикадан ел қоржынына түскен екінші жүлде. Кешегі жарыс күнінде 77 келідегі Аянат Жұмағали күміс жүлдеге ие болған еді.