Ауыр атлетикадан ел біріншілігі: Жалпы есепте Жетісу облысы жеңімпаз атанды

ауыр атлетика
Фото: ҚР Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Кеше Қостанайда ауыр атлетикадан өтіп жатқан ел біріншілігі мәресіне жетті. Бір аптаға жалғасқан ел чемпионатының соңғы жарыс күнінде ерлер 4 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады.

Атап айтсақ, 96, 102, 109 және +109 келі салмақ дәрежелерінде мықталар анықталды.

Ерлер:

96 келі
1-орын - Сергей Петрович (Ақмола облысы) - 335 келі (155+180)
2-орын - Бақтияр Жамалбек (Алматы қ.) - 320 келі (145+175)
3-орын - Бекболат Қалиұлы (Шымкент қ.) - 298 келі (136+162)

Париж Олимпиадасына баруға бірден-бір үміткер Сергей Петрович Азия чемпионатында Олимпиадалық 89 келіде өнер көрсеткен еді. Осы жолы 96 келіде бақ сынап, мықтылығын мойындатты.

102 келі: (Олимпиадалық салмақ)

1-орын - Кирилл Староверкин (Қарағанды облысы) - 325 келі (150+175)
2-орын - Темірлан Оқашев (ШҚО) - 317 келі (135+182)
3-орын - Данил Бетехтин (Жетісу облысы) - 316 келі (137+179)

Азия чемпионатында 96 келіде күш сынасып, 4-орын алып қалған Кирилл жаңа салмақта бас жүлдені еншіледі.

109 келі (+102 келі салмақ Олимпиадаға кіреді)

1-орын - Сұлтан Мейрам (Алматы қ.) - 337 келі (156+181)
2-орын - Игорь Герасименко (Ақмола облысы) - 287 келі (124+163)
3-орын - Еділ Асқаров (Алматы қ.) - 286 келі (125+161).

+109 келі (+102 келі салмақ Олимпиадаға кіреді)

Иван Голушко (ШҚО) - 330 келі (155+175)
Жанәлі Тұяқов (СҚО) - 317 келі (140+177)
Антон Еременко (ШҚО) - 316 келі (143+173).

Жалпы командалық есеп бойынша Жетісу облысының ерлер мен әйелдер құрамасы бірінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар