Ауыр атлетикадан Жетісу облысы жалпы есепте үздік атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Ауыр атлетикадан 12-18 мамыр аралығында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы жазды.
Жарыстың соңғы күнінде аса ауыр салмақта ерлер жүлдені сарапқа салып, Бағдат Маматкул айқын басымдықпен топ жарды.
+110 келі
Бағдат Маматкул (Шымкент қ) - 371 келі (156+208) Сағынбек Самарқан (Жетісу обл) - 357 келі
Максим Варивода (Жетісу обл) - 338 келі (155+183) –
- Менің салмағымдағы көшбасшылар бүгінгі жарысқа қатыспады. Сондықтан жеке-дара үздік атандым. Шынымды айтсам, мен 2019 жылдан кейін ғана Талдықорған қаласында екінші мәрте өнер көрсетіп жатырмын. Көрсеткішіме көңілім толмайды. Әлі қос жаттығуда да кемі 10 келіден қосуым керек, - деді Бағдат Маматкул.
Әйелдер
1-орын. Жетісу обл
2-орын. Қарағанды обл.
3-орын. Алматы қ.
Ерлер
1-орын. Жетісу обл
2-орын. Қарағанды обл.
3-орын. ШҚО
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.