Ауқатты инвесторлар швейцар банкінен 40 миллиард долларға дейін алады
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Әлемде жеке активтерді басқару көлемі бойынша екінші орында тұратын швейцариялық банк UBS банк құпиясы саясатының өзгеруінің салдарынан шетелдік инвесторлар несие мекемелерінен 15-тен 40 миллиард швейцар франкіне дейін (шамамен доллар құнымен бірдей) шығарып алатынын болжап отыр. Бұл туралы The Financial Times газетіне сілтеме жасаған РБК хабарлайды.
Көрсетілген сома басқа Еуропа елдерінен келген шетелдіктер үшін, UBS-дің «офшорлы» қорында сақталып жатқан қаржының бір үлесін құрайды. Соған қарамастан, ол сарапшылар болжағаннан аз, банк басқаруындағы жалпы активтер көлемінің 1-3 пайызын (1,48 триллион франк ) ғана құрайды.
UBS банк құпиясы бойынша Швейцар үкіметінің ісінен кейін шығын болуы мүмкін сома туралы мәлімдеген алғашқы швейцар банкі болды. Несие мекемелері бір уақытта айтарлықтай шығынға бататынына қарамастан, бұл қадам банк құпиясын алдағы уақытта шетел үкіметі тарапынан болатын қысымнан қорғайды деп күтілуде.