09:15, 29 Қаңтар 2023 | GMT +5
Аукцион арқылы көлік алмақ болған өскемендік әйел алаяққа 1,3 млн теңге берген
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны аукцион арқылы көлік аламын деп алаяққа 1,3 млн теңге берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 39 жастағы әйел адам жүгінді. Өз сөзінде ол танысының 2013 жылы шығарылған «Hyundai Accent» маркалы автокөлікті аукцион арқылы сатып алуға көмектесемін деп, 1 325 000 теңге алғанын жеткізді.
«Алайда арада біраз уақыт өткенде көлікті де алмай, ақшасы да қайтпаған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне «Алаяқтық» сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.