Аукционда ерекше ұялы телефон нөмірі 1,9 млн. долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан аукционда ұялы телефондардың эксклюзивті нөмірлері жүздеген мың долларға сатылуда, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Алғашқы сауда сессиясында сандарының басым бөлігі қайталанатын бірнеше телефон нөмірлерінің құны 400 мың эмират дирхамынан (шамамен 100 мың доллардан) асып кеткен.
Ал ең қымбат лот 1,9 млн. долларға сатылды. Сатып алушылардың бірі барлық сандар қатарынан бірдей болып келетін нөмір үшін осындай соманы төлеуге бел буған.
Аукционды ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында «алтын» нөмір иесінің аты-жөнін де, оның иеленген нөмірінің негізгі санын да жарияламай отыр.