08:00, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Аукционда Максим Горькийдің Лев Толстойға жазған хаты сатылмай қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы ежелгі аукцион үйінде «China Guardian» күзгі сатылым науқанын ұйымдастырды, деп жазады «ТАСС».

Аукционда 7000 құнды жәдігер саудаға шығарылған. Оның ішінде картиналар, фарфор бұйымдары, каллиграфиялық орамдар бар. Ұйымдастырушылар коллекцияны бүкіл әлемнен жинаған. Саудаға шығарылған сирек кездесетін дүниелердің ішінде жазушы Максим Горькийдің Лев Толстойға жазған хаты да болған. Алайда, ол хатты сатып алуға ешкім де қызығушылық танытпапты. Есесіне, Карл Маркстің ағылшын тілшісі Коллет Добсонға жазған хаты 500 мың долларға сатылған.