Ауқымды құрылыс жобаларын мұқият іріктеп, қатаң бақылау қажет – Президент

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару сапасын толық жақсартып, ірі жобалардың жүзеге асырылуын қатаң бақылауды тапсырды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Бектенов Шымкенттегі индустриялық аймақтар мен жол құрылысының барысын тексерді
Фото: Үкімет

Оның сөзінше, инфрақұрылымды жаңғырту, жаппай цифрландыру және индустрия саласын дамыту үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлініп жатыр. Жеке инвестиция да тартылуда.

– Осы орайда, мына мәселеге назар аударғым келеді. Ауқымды құрылыс аясындағы жобаларды мұқият іріктеу, сенімді компаниялармен жұмыс істеу және бастаманы жүзеге асырудың әр кезеңін жіті бақылау өте маңызды, – деді Президент.

Бұл ретте мемлекеттік аппарат осы міндетті кәсіби тұрғыдан мүлтіксіз орындауға дайын болуы керек.

Бұған дейін Президент шаруаларды инвестициялайтын пәрменді тәсіл енгізуді тапсырған еді.

Ол Балқаш АЭС құрылысын келер жылы бастауды ұсынды.

Сондай-ақ Қ. Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды.