Ауқымды іс-шаларды ұйымдастыру мақсатында жалпы республикалық ұлттық жоспар әзірленеді - Мәдениет министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

«Бүгін Үкіметте Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясында берген тапсырмасын орындау бойынша мәжіліс өтті. Отырыс барысында Мәдениет министрлігі Елбасының тапсырмасын іске асыру тұрғысында өз ұстанымын ұсынды. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және ҚР Конституциясының жиырма жылдығын өткізу бойынша ауқымды іс-шаларды ұйымдастыру мақсатында Жалпы республикалық ұлттық жоспар әзірленетін болады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылға жоспарланған барша шаралар Ассамблеяның, Қазақстанның Ата Заңының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы сынды атаулы күндер аясында өтетін болады.

«Ұлттық жоспар ел азаматтарын ұйымдастырудың және ұлысаралық бейбітшілік пен келісімді одан әрі қарай нығайтудың тетігі болып табылады. Аталған жоспар тек республикалық деңгейдегі шараларды ғана емес, сонымен қатар жергілікті деңгейдегі, яғни облыс орталықтарында, аудан, қала және ауылдық жерлерде арнайы іс-шараларды қамтитын болады», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар