Аула клубтары мен орта білім беретін мекемелердің командалары қатысқан шайбамен хоккей бойынша «Жұлдызша» атты дәстүрлі жарысы өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат. Желтоқсанның 12-сі мен 26-сы аралығында аула клубтары мен орта білім беретін мекемелердің командалары қатысқан шайбамен хоккей бойынша «Жұлдызша» атты дәстүрлі жарысы өткен болатын.
None
None

Жарыс үш жас категорияларында - 1994, 1995, 1996 жж.т. спортшылар арасында бір айналымды айналым жүйесі бойынша өткізілген-ді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтық кезеңдер 26 желтоқсан күні Астана қаласының орталық мұз айдынында өтті.

Бұл ойындарға Астана қаласы 3 ауданның - «Сарыарқа», «Алматы» и «Есіл» - құрама командалары және «Барыс» ХК (БЖСМ) командасы қатысты.

Екі сағаттың ішінде хоккей  әуесқойлардың  назарына финалисттердің соңғы кездесулері ұсынылып, кейін оларды марапаттау рәсімі өткізілді. Сөйтіп, алтын жүлделерді қанжығасына  «Барыс» ХК спортшылары байлаған болатын. Екінші орында Алматы ауданы орналасса, қола жүлделердің иегері Сарыарқа ауданы деп танылды.

«Бұл жарыстың арқасында біз спорт түрін дамытып қана қоймай, балаларға айдында бар дарындылығын көрсетіп, ашылуға көмектесеміз, - дейді жеңімпаз атанған командасының клубы - «Барыс» ХК директоры Қабдұлмәжит Қожахметов.

 «Балалар спортын дамытуға бағытталған жақсы-жақсы дәстүрлерді жалғастырғанымыз дұрыс. Себебі бүгінгі жастардан хоккейдің болашақ жұлдыздары шығатындығы рас», деді ол.

 Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылар кубок, медальдар және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, келесі номинациялар бойынша жарыстың үздік хоккейшілері анықталды:        

- шабуылшы - А.Доценко,

- қорғаушы - А.Прохоров,

- қақпашы - И. Канкин,

- бомбардир - В. Муравский,

- турнирдің ең пайдалы спортшысы - А. Әбдіхаров.

Соңғы жаңалықтар