«Аула күні» мерекелік акциясы Астананың барлық аудан тұрғындарын қамтымақ

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Астана күнінің 15 жылдығы мерейтойына орай қалалық жастар саясатын қолдау жөніндегі мемлекеттік қоры жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен қалада «Аула күні» акциясын өткізуде.
None
None

«Акция Астана күніне дейін жалғасады. Сарыарқа ауданында осы шара аясында мерекелік автокеруеннің шеруі ұйымдастырылды. Бұл ауқымды акцияның негізгі мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында шығармашылық пен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, үймен үй, аула мен аула арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, Астананың 15 жылдық мерейтойында тұрғындардың көңіл-күйлерін көтеру болып табылады»,-делінген таратылған мәліметте.

Осы орайда Сарыарқа ауданының еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгі 400-ден астам тұрғыны байқаулар мен эстафеталарға қатысып, өздерінің спорттағы қабілет-қарымдары мен шығармашылық белсенділіктерін танытты. Тұрғындар мен қонақтарды құттықтап, өздерінің ілтипаттарын білдіру үшін Қазақстанның жас эстрада жұлдыздарының және «Студент көктемі - 2013» ауқымды фестивалі жеңімпаздарының қатысуымен концерттер қойылып, спорттық жарыстар өтті. Сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері халықтың көңіл-күйін көтерді. «Аула күні» акциясының қонақтары мен қатысушыларына ескерткіш сыйлықтар мен жүлделер тапсырылды.

Атап айтқанда, «Аула күні» акциясының шаралары елорданың Алматы және Есіл ауданы аулаларында де өтуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум