Ауладағы көлікті «айдап кеткен» 3 жасар сәби көршісінің үйіне зақым келтірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Орегон штатының тұрғыны үш жастағы сәби өзінің әпкесінің джип көлігімен көрші үйдің қабырғасын бұзып кеткен, деп хабарлайды FOX12 Oregon.

Ауладағы көлікті «айдап кеткен» 3 жасар сәби көршісінің үйіне зақым келтірген

Бұл кезде баланың туысқан әпкесі ваннада жуынып жатқан. Аулада ойнап жүрген бала есігі ашық қалған көлікті байқап, оның ішіне кіріп алған. Қосымша іске қосқышқа қолын тигізгенде ойыс жолда тұрған көлік от алып, жүріп кеткен. Қиылысқа шыққан машина көршісінің ауласына еніп кетіп, оның үйінің қабырғасына соғылған. Жөргектен басқа үстінде лыпасы болмаған сәби сол сәтте тоқтап қалған көліктен түсіп кетіп, үйіне оралып, теледидардан мультфильм тамашалауын жалғастыра берген. Сәбидің ата-анасы көрші үйге келген шығынды толық өтеуді мойындарына алды. Алайда полиция қызметкерлері оларға балаларын дұрыс қарай алмағаны үшін де айып тағып отырған көрінеді.