Ауласына мыңнан астам снаряд жинаған ер адам жарылыстан қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Белгород облысындағы Прохоровка кентінің тұрғыны үйінің ауласында зілбалғамен снарядты бөлшектемек болғанда жарылып кетіп, қаза тапты.
Оқыс оқиғадан соң жеке үйдің аумағынан мамандар Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі 1272 снарядты тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі БАҚ-пен байланыс бойынша аға көмекші Елена Козыреваға сілтеме жасап.
Оның сөзіне қарағанда, Белгород облысында мұндай қайғылы оқиғалар 10 жылдан бері болмаған.
«Тергеушілер жұрттан ер адамның осыншама снарядты қайдан алғандығы жайлы сұрастыруда».
ТЖМ Өңірлік басқармасының хабарлауынша, барлық 1272 снаряд сыртқа шығарылып, арнайы полигонда жойылған.
Прохоровка стансасы мен көршілес Александровское елді мекені аумағында 1943 жылғы 12 шілдеде танкілер шайқасы болған. Оған екі жақтан 1,2 мың танкі мен өздігінен жүретін қару қатысқан.
2017 жылы бұл өңірде жарушы техниктер екі мыңнан астам соғыс кезінен қалған жарылғыш заттарды, оның ішінде 10 авиабомбаны заласыздандырды.