Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ - ең мерейлі ұрпақ - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ - ең мерейлі ұрпақ. Бұл туралы бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

 Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ - ең мерейлі ұрпақ - ҚР Президенті

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі», - дейді халқымыз. Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ - ең мерейлі ұрпақ. Бүгін бір ғана отбасы жеңімпаз атанбайды. 16 аймағымызда конкурс өткізілді 16 әулеттің қай-қайсысы да еліміздегі ең мерейлі отбасылар, барша Қазақстанның мақтанышы», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ҚР Президенті таяуда ғана еліміздің бірқатар өңірде сапармен болғандығын атап өте келе өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарғанын, тіршіліктің қайнап жатқан баса айтты.

«Осының барлығы елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың арқасында жасалуда. Шаңырақтағы жарастық та тек қана сыйластық пен татулық арқылы орнайды. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы аясында біз осындай отбасылық құндылықтарды нығайту үшін дәріптей түсетін боламыз. Мерейіміз әрдайым үстем болсын. Еліміз даму көгінде жарқырап жайнай берсін. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, ағайын!» - деді Н.Назарбаев.