«Әулиеата» көкпар командасы 13-ші рет ел чемпионы болды

көкпар
Фото: ulttyqatsport.kz

Тараз қаласында ұйымдастырылған көкпардан ересектер арасындағы ХХІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazinform.

Чемпионатқа еліміздің 15 өңірінен 171 спортшы қатысқан болатын. 10 күнге созылған чемпионатта Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы жеңіске жетіп, Қазақстанның 13 дүркін чемпионы атанды. Ал Қостанай облысының көкпар командасы күміс медальға қол жеткізді. Түркістан және Қызылорда облыстарының командалары қола медальдің иегерлері атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы көкпар федерациясының тағайындаған ақшалай сыйақысымен марапатталды. 1 орын жеңімпаздары – 3 миллион, 2 орын – 2 миллион, 3 орынды иеленгендер 1 миллион теңгеге ие болды.

Сондай-ақ, чемпионат барысында шебер өнер көрсеткен спортшыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік сәйгүлік», «Үздік төреші», «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациялары бойынша 200 мың теңге, дипломдар мен медальдар табысталды.

Бұған дейін Азия пара ойындарында барлық спорт түрінен медаль алуға үмітті екенімізді жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар