Әулиелер күнінде 28 адам көз жұмды
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Нигерияда діни рәсім кезінде халық бірін-бірі таптап, 28 адам қаза тапты.
Жүз мың адам жергілікті дәстүр бойынша әулиелер күнін атап өтуге жиналған. Олар кенет «өрт шықты» деген айқайды естіп, сыртқа шығуға ұмтылған. Бірақ, кісі шамадан тыс көп болғандықтан, кимелеген жұрт бірін-бірі басып мерт қылды. Жүздеген тұрғын жарақат алған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.