Ауру мал үшін Австриямен соттасамыз - А.Мамытбеков

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Австриядан әкелінген ауру ірі қара мал үшін Қазақстан осы елмен соттасуы ықтимал.
None
None

Бұл туралы Қазақстан Фермерлері одағының кеңейтілген мәжілісінен кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Егер Австрия жағы бүгінгі шығынды өтемейтін болса, онда біз олармен соттасатын боламыз. Келісімге сәйкес, бұл мәселемен қазақстандық сот айналысады. Негізі, кез келген шаруашылық дау-дамай қаралған кезде, тек негізгі сома ғана емес, онымен қатар басқа да шығындар өтеледі. Тауардан түсетін пайда, малды ұстауға кеткен шығын - осының барлығы сот арызына кіруі мүмкін», - дейді А.Мамытбеков. Министр атап көрсеткендей, ауру малды жою туралы шешім өзгермейді.

Соңғы жаңалықтар