Ауруханадағы қабылдау бөлімінде халі нашар науқастарға арналған бөлме болуы керек - маман

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі шұғыл медициналық көмек көрсетуді жақсарту туралы халықаралық сарапшылар тобының төрағасы Кевин Фрик түркістандық ақ халаттылармен жүздесті. Канадалық маман облыстық клиникалық арухана базасында өткен шеберлік сыныбында жедел жәрдем қызметі және қабылдау бөлімін жетілдіру жолдарын үйретті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«KazMedConsult» компаниясының директоры облыстағы дәрігерлер мен медициналық мекемелердің жаңартылған шұғыл медициналық көмек көрсетуге өтуге дайын екенін атап өтті. Ол елімізде 103 қызметін көрсету сапасы бұрынғыдан арта түскеніне тоқталды. Ал, облыстағы жедел жәрдем көліктерінің сарғыш түске боялуы - алғашқы көмек қызметінің жету уақытын қысқартуға септігін тигізіп жатқанын жеткізді.

«Ендігі мақсат - қабылдау бөлімінің жұмысын жақсарту. Жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне келіп түскен науқастың жағдайы алдымен іріктелуі қажет. Яғни, қай пациентке бірінші кезекте көмек көрсету керектігін анықтап алған жөн. Шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілуі тиіс науқастарға арнайы жабдықталған бөлме болғаны дұрыс. Яғни, өміріне аса қатты қауіп төнбеген емделушілер мен ауыр науқастарға аралас қызмет көрсетілмеуі керек. Қазақстанда қолға алынған жаңа пилотты жоба бойынша, енді қабылдау бөлімдерінде науқастарды тексеретін арнайы бөлме және жауапты дәрігер болады»,- дейді Кевин Фрик.

null Медицина саласында 30 жылдық тәжірибесі бар Кевин Фрик сондай-ақ облыстық клиникалық аурухананы аралап көріп, науқастармен сұхбаттасты. Емдеу клиникасының қазіргі қызметіне оң бағасын берді. Ол мұнда жедел жәрдем қызмет көрсету моделін жаңғыртуға толық мүмкіндік бар екенін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, түркістандық дәрігерлер үшін мұндай шеберлік сабағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өйткені алдағы кезде «қабылдау бөлімі» енді жедел жәрдем бөлімшесі болып өзгертіледі. Мамандардың айтуынша бұл атау өз қызметіне сай келеді. Жоспар бойынша, бөлімшенің тек атауы ғана емес, ондағы қызмет те жаңаша үлгіде көрсетілмек.

Соңғы жаңалықтар