«Ауруханалар коронавирус жұқтырған балаларға 3,5 мың кереует сатып алуда» - фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде коронавирустың «омикрон» штамын жұқтырған науқастар үшін Қазақстан ауруханалары 3500 балалар кереуетін сатып алып жатқаны жазылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауруханалар коронавирус жұқтырған балаларға 3,5 мың кереует сатып алуда» - фейк

Stopfake.kz сайты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазуынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Бұл – жалған ақпарат. Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтырған балаларға арналған төсек-орынмен қамту 23% құрайды, бұл ҚР бойынша орташа көрсеткіш», – деді ведомстводан.

Демек, науқастанған балалар саны арту ықтималдығына байланысты ауруханаларда төсек-орын қоры 3500 бірлікке ұлғайтылады деген хабарламалар – фейк.