Ауруханаларға ең қажетті медициналық аппараттар құны төмендетілді

Бірыңғай дистрибьютор арқылы жеткізу үшін 1 тамыздан бастап бағаны төмендету жөніндегі шешімді қазақстандық фармөндіруші қабылдады, онымен бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарт негізінде бірнеше жыл көлемінде ынтымақтастықта.
Жыл сайын Бірыңғай дистрибьютор арқылы гемодиализге арналған ерітіндіні сатып алу қазақстандық науқастар үшін қымбаттап барады. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу көлемінің өсуі арқасында компания тіпті бұл өнімге бағаны 12% -дан артық төмендете алды.
Кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс отандық өндірісті дамыту үшін ең күшті оң әсерін тигізетін фактор, ол бізге шетелдік өндірістер нарығында бәсекеге қабілеттілікте төзімділік танытуға көмектеседі. Бұл ретте компания өнімі үнемі қауіпсіздігі мен сапасын бағалаудан өтіп тұрады және әрқашан барлық нормативтік стандарттарға сай келеді.
Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, мұндай бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі, яғни сатып алу бағасының төмендеуі отандық өндірушінің өз бастамасы бойынша жүруі жиі өткізілмейді. Өнім құнының төмендеуінен үнемделген бұл қаражат аурухана бюджетінде қалып, кейін қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға қайта бөліну мүмкіндігін атап өткен жөн. «Өнім беруші тарапынан мұндай қадам - ауруханалар үшін тегін емделіп шыққан науқастардың санын көбейтуге мүмкіндік. Олардың ісі басқа компанияларға да үлгі болады деп үміттенемін», - деп қосты Максим Касаткин.
Айта кетейік, фармацевтикалық саланы және отандық өндірісті дамытуды ынталандыру үшін қазіргі таңда Бірыңғай дистрибьютормен 553 дәрілік заттардың атауларына және 213 медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларына 30 ұзақ мерзімді жеткізу шарттары жасалды. Отандық фармацевтикалық өндірушілер қазірдің өзінде осы шарттар шеңберінде 137 дәрі-дәрмек атауы және 152 медбұйымдар атауына қатысты жеткізуді жемісті атқарды. Ал 26 тамызда осындай ұзақ мерзімді шарттар жасасудың тағы бір байқауының қорытындысы жасалды. Мұндай шарттар бірнеше жыл бойы отандық фармацевтикалық өндірушілерді мемлекеттік тапсырыспен, яғни олардың өнімдері үшін кепілдендірілген өткізу нарығымен қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде өз өндірісін сенімді түрде жоспарлап қана қоймай, салаға елеулі инвестициялар тарту мүмкіндігін береді.