Australian Open: Әмір Омарханов екінші айналымға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды.

Australian Open: Әмір Омарханов екінші айналымға жолдама алды
Фото: ҚТФ

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде төртінші орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 45-ракеткасы, америкалық Матис Фарзаммен өткізді.

Екі сет те тартысты өтіп, Әмірдің пайдасына аяқталды – 7:6 (7:3), 7:6 (10:8).

Матч 2 сағат 5 минутқа созылды.

Аустралия ашық біріншілігінде өткен жылы ширек финалға дейін жеткен Әмір Омархановтың келесі қарсыласы кейін анықталады.

Кеше Заңғар Нұрланұлы алғашқы ойынында жеңіске жетіп, екінші айналымға шыққан еді. Ол 1/16 финалда болгариялық Александр Васильевпен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның төртінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінде алғашқы жеңіске қол жеткізді.

Сандуғаш Кенжебаева екінші рет Түркиядағы жарыстың чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар