Australian Open: Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында әлемнің 7-ракеткасы, америкалық, 18 жастағы Кори Гауфф пен дүниежүзілік рейтингте 17-орында тұрған латвиялық Елена Остапенко кездесті.

Бұл бәсекеде К.Гауфф фаворит саналғанымен, Е.Остапенко 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп Е.Рыбакинаның қарсыласы атанды.

Е.Остапенко – 2017 жылы 20 жасында Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы атанған танымал спортшы.

Е.Рыбакина мен Е.Остапенконың бәсекесі 24 қаңтар күні таңға белгіленген.

Бұған дейін қарсыластардың екі мәрте жолдары тоқайласып, екеуінде де латвиялық теннисші жеңген еді. Е.Рыбакина соның есесін қайтара ала ма, алдағы ойын көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасын ұтып, ширек финалға шыққанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар