Australian Open: Кукушкин жұптық сында екінші айналымға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин жұптық сында литвалық Риакрдас Беранкиспен бірге Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Australian Open: Кукушкин жұптық сында екінші айналымға шықты

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық-литвалық жұп бастапқы кездесуін осы «Үлкен дулыға» турнирінде 11-ракетка болып тіркелген фин Хенри

Континен – франциялық Эдуард Роже-Вассленмен өткізді.

М.Кукушкин мен Р.Беранкис екі партияда қос бірдей брейк жасап, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.

Қазақстандық-литвалық жұп екінші айналымда аустралиялықтар Джеймс Дакворт – Марк Полманс немесе сербиялық Никола Качич – даниялық Фредерик Нильсеннің қай жеңгенімен кездеседі.

Жұптық сында сондай-ақ Александр Бублик пен Андрей Голубев бірінші айналымда мажарстандықтар Аттила Балаш – Мартон Фучовичпен, Елена Рыбакина мен Ярослава

Шведова америкалық-бразилиялық дэут Хэйли Картер – Луиза Стефанимен, Юлия Путинцева мен Зарина Дияс ресейлік пен словакиялық Анна Калинская – Виктория Кужмовамен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның екінші айналымға өткенін, Юлия Путинцеваның АҚШ чемпионын жолдан тайдырғанын, Зарина Диястың үшінші айналымға

шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дмитрий Попко Италиядағы турнирді сәтті бастады.