«Australian Open» жарысында Шведова алғашқы айналымнан аса алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ашылған Астралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілер осы уақытта-ақ есе жібере бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Australian Open» жарысында Шведова алғашқы айналымнан аса алмады

Ярослава Шведова турнирдің бірінші айналымында румыниялық Ирина-Камелия Бегумен кездескен болатын. Алғашқы сетте қазақстандық спортшы жеңіске жетті. Ал одан кейінгі екі сетте румыниялық спортшы басым түсті. Қорытынды есеп - 5:7, 6:3, 6:4, Бегудің пайдасына шешілді.