Аустралия полициясы қылмыскерлерден жүздеген кесіртке тәркіледі
Аустралиядан Гонконгқа жүздеген кесірткені заңсыз өткізбек болған қылмыстық топ ұсталды. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының дерегінше, жергілікті полиция өкілдері 257-ге жуық кесіртке мен 3 жыланды тәркіледі.
31-59 жас аралығындағы 4 күдіктіге жергілікті рептилиялар экспорты және қылмыстық топ мүшесі болды деген айып тағылып отыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бауырымен жорғалаушыларға ем-дом жасалып, олар жабайы табиғатқа қайтарылды.
Айта кетейік, кесірткенің нарықтағы бағасы – 1,2 млн аустралиялық доллар (805 мың АҚШ доллары).
Жабайы табиғат дүниежүзілік қорының (WWF) дерегі бойынша, кейінгі 10 жылда Гонконг халықаралық нарықта экзотикалық жануарлар саудасы бойынша көш бастап тұр.