Аустралия премьер-министрі Энтони Албаниз тағы бір мерзімге сайланды

АСТАНА. KAZINFORM – Аустралия премьер-министрінің лейбористік партиясы сенімді түрде жеңіске жетіп, қатарынан екінші үшжылдық мерзімге сайланды, деп хабарлайды Еuronews.

 Энтони Албаниз
Фото: ТАСС / RICHARD WAINWRIGHT

- Аустралия халқы аустралиялық құндылықтарға дауыс берді. Олар әділеттілік, ұмтылу мен баршаға бірдей мүмкіндікті қолдап, қиын сәтте ерлік танытып, мейрімділікке зәру болып жүргендерді демеуге дауыс берді, - деді Албаниз сенбі күні өзінің жеңісіне арналған сөзінде.

Лейбористер үкіметі Өкілдер палатасынан басымдыққа ие 150 дауыс алады.

Консервативті либералды партияны басқаратын және сенбі күнгі сайлауда өзінің парламенттегі орнын жоғалтқан оппозиция лидері Питер Даттон жеңілгенін мойындады.

- Біз бұл науқанды талапқа сай етіп өткізе алмадық, бұл – анық және мен ол үшін жауапкершілікті мойныма аламын, - деді.

Хабарда Энтони Албаниздің 2004 жылы Джон Говард заманынан бері екі сайлауды қатарынан жеңген бірінші аустралиялық көшбасшы болғаны айтылған.

Осыған дейін лейбористер Өкілдер палатасындағы 151 орынның 78 орнын ғана иеленіп келген еді. Ендігі парламентте ол орындар қайта бөлуге байланысты қысқартылып, 150 болады.

Осыған дейін Аустралиядағы сайлауда лейбористер партиясы көш бастағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар