Аустралияда COVID-19 жұқтырғандар көбейіп, рекорд тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы күндері Аустралияда коронавирус жұқтырған 914 адам тіркелді. Бұл індет басталғаннан бері статистикадағы ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.
Алдыңғы рекорд 894 болған. Ол бір күн бұрын тіркелген.
Аустралияның үкімет басшысы Скотт Моррисонның мәлімдеуінше, халықтың ересек бөлігінің 70%-ы вакцина алмайынша коронавирусқа байланысты карантин шаралары қолданыста болады.
Worldometer деректері бойынша, Аустралияда 44 034 COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркелген, қайтыс болғандар саны – 981.
Аустралия астанасы Канберрада 13 айдың ішінде тіркелген бірінші коронавирус жұқтыру жағдайы анықталғаннан кейін екі апталық карантин енгізілген.
Фото/BBC