Аустралияда тікұшақ апатқа ұшырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралияда Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында бортында 5 адам болған жеке тіқұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы сенбіде The Australian газеті жазды.
«Ирокез» үлгісіндегі тікұшақ жұма күні жергілікті уақытпен 18:30-да Ньюкасладан солтүстікке қарай Анна-бэй мүйісі маңайында радардан жоғалып кеткен.
Құтқарушылар ертеңіне, сенбіде ғана тіқұшақтың сынықтарын тапты. Қазіргі уақытта жолаушылар мен ұшқышты іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша бәрі опат болған.
.