14:25, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
Аустралиядағы тасқын: Адамдарды танкілермен эвакуациялап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдың салдарынан су тасқыны болды, деп хабарлайды CNN.

Соңғы деректер бойынша, баспанасыз қалған жүздеген жан эвакуация орталықтарында тұрып жатыр. Онда адамдарды 4 ақпан күнгі таңертеңнен бері танкілер жеткізуде. Жеңіл және жүк көліктері су астында қалып, өз қызметтерін атқара алмай жатыр.
Бұдан бөлек, Таунсвил қаласындағы 20 мың үй табиғи апаттың құрбанына айналуы ықтимал. Өңір билігі шұғыл түрде оларды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су басқан аймақтарда жарық жоқ, әуежайлар тоқтап, дүкендердегі сөрелер бос тұр.
Адамдарға үйлерінің маңайында жүзіп жүрген қолтырауындар да қауіп төндіруде.