Аустралияны шаңды дауыл басты, ормандар өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құмды дауыл Аустралияның аспанын ашық қызғылт сары түске айналдырды, сондай-ақ жол мен әуежайда ештеңе көрінбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Түстен кейін шаң көтеріліп, желдің жылдамдығы сағатына 40 шақырымға (сағатына шамамен 24,8 миль) дейін жетіп, ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 40 градусқа көтерілген.

Бұған қоса шаңды жел үдей түсіп, ол Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Квинсленд штаттарында, Викториядан солтүстікке қарай орман өрттерінің шығуына ұшыратты.

Ауаға көтерілген шаңнан Милдьюрде көру мүмкіндігі азайып, автокөліктер мен жолдар бұлтты қызыл түтінге оранған. Метеорология бюросының мәліметтері бойынша, әуежайда көру мүмкіндігі төрт километрден (шамамен 2,5 миль) 500 метрге дейін (0,3 миль) түсіп кеткен.

Бұл – соңғы он жылда болмаған ең күшті құрғақшылық, ол өрт пен шаңды дауыл сияқты табиғи құбылыстарды үдете түседі.

Соңғы жаңалықтар
telegram