Аустралияның бір ғасыр бұрын жоғалған сүңгуір қайығы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияның алғашқы сүңгуір қайығының сынықтары 103 жылдан кейін табылып отыр. Бұл туралы ТАСС  РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Аустралияның  әскери-теңіз құпиясы Папуа-Жаңа Гвинеяның құрамына кіретін Дьюк-оф-Йорк аралдары жағалауынан HMAS AE1 алғашқы сүңгуір қайығының сынықтары табылған соң ашылды», - делінген хабарламада.

Өткен аптада басталған экспедиция барысында сүңгуір қайықтың орналасқан жерін анықтаудың сәті түсті. The Australian газетінің жазуынша, іздеушілердің бұған дейінгі жиырма тоғыз әрекеті сәтсіз аяқталған. Кеме су түбінде, 300 метр тереңдікте жатыр.

Сүңгуір қайық Жаңа Британия аралдарының (Папуа-Жаңа Гвинеяның құрамына кіреді) маңында 1914 жылғы 14 қыркүйекте із-түзсіз жоғалған. Оның бортында 35 адамдық экипаж болған. 

Соңғы жаңалықтар