Аустрия аумағында пойыз қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустрияда 26 қарашада теміржол саласындағы жұмысшылар жаппай ереуілге шығып, соның салдарынан пойыз атаулының қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы «Аустрия федералдық темір жолдары» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«26 қараша күні 12:00-ден 14:00-ге шейін (жергілікті уақытпен) пойыздардың қозғалысы тоқтатылады. Бүкіл Аустрия аумағында және трансшекаралық бағыттарда пойыздар жүрмейді», - делінген хабарламада.

Компанияның мәлімдеуінше, пойыздар қозғалысы жуық арада қалпына келтірілмек.

Vida қызмет көрсету саласы жұмысшыларының кәсіптік одағы ұйымдастырған ереуіл қатысушылары инфляция деңгейінің артуына байланысты жалақының көтерілуін талап етіп отыр. Мемлекеттік компания жұмысшылардың осы талабына көніп, жалақыны 3%-ға көтеруге келісім берген. Алайда теміржолшылар бұған қанағаттанып отырған жоқ.

Соңғы жаңалықтар