Аустрияда бес туристі қар көшкіні басып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустрияда Альпідегі Дахштайн тау алабында болған қар көшкіні салдарынан бес турист қаза тапты, деп хабарлайды аустриялық apa.at агенттігі.

Аустрияда бес туристі қар көшкіні басып қалды

Агенттік ақпаратына қарағанда, Чехиядан келген туристер тобындағы 5 адамды қар көшкіні басып қалған. Көз жұмғандардың денелері Халльштатт қаласына жеткізілді. Оқыс оқиға альпинистердің таудың басына шыққан сәтінде болған.