Аустрияда он мыңдаған адам әсіре оңшыл партияға қарсы шеруге шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбі күні кем дегенде 25 мың адам Аустрияның Бостандық партиясының жаңа коалициялық үкімет құру жөніндегі келіссөздерге қатысуына қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Аустрияда он мыңдаған адам әсіре оңшыл партияға қарсы шеруге шықты
Фото: instagram.com/volkshilfe

Митинг Венадағы Бальхаусплац алаңында өтті. Жергілікті «Volkshilfe» және «SOS Mitmensch» ұйымдары «Республика үшін дабыл» деп ұрандатты, деп жазды «Der Standard» газеті. 

Еске сала кетсек, дүйсенбіде Аустрия президенті Александр Ван дер Беллен әсіре оңшыл партияның жетекшісі Герберт Киклмен кездесіп, оған бұрынғы коалиция қаңтардың басында ыдырағаннан кейін жаңа коалиция құру бойынша келіссөздерді бастауды тапсырған болатын.

Осы мандат негізінде «Бостандық» партиясы мен Аустрияның Халық партиясы коалиция құру туралы келіссөздерге кірісті. Алайда елдегі барлық саяси күштер бұл көзқараспен келісе бермейтін сияқты.

Еске салайық, Сыртқы істер министрі Александр Шалленберг Аустрияның уақытша канцлері болады.

Аустрия канцлері отставкаға кететінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар