Аустриядағы әлем чемпионатына 12 шаңғышы барады
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Аустрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан өтетін Әлем чемпионатында Қазақстан намысын еліміздің ең үздік 12 шаңғышысы қорғайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Республикасы шаңғы жарысының Ұлттық федерациясына сілтеме жасап.
2019 жылдың 19 ақпаны мен 3 наурызы аралығында өтетін сайыста ер және әйелдер тобының спортшылары 6 сайыс, атап айтқанда еркін стилдегі спринт, скиатлон, командалық спринт, классикалық стилмен жеке дара жарысу, эстафета және масс-старт бойынша сынға түседі. Қазақстан құрамасының сапына Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Олжас Климин, Дәулет Рахымбаев, Денис Волотка, Анна Шевченко, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Эльмира Мутагарова мен Марина Матросова енді.
«Қазіргі уақытта құрама қоржынына Әлем чемпионатының үш қола медалі бар. Кеңірек айтсақ, 2013 жылы Италияда Николай Чеботько мен Алексей Полторанин командалық спринтте қола медаль алып, ал бірнеше күннен кейін Алексей 50 шақырымдық масс-стартта нәтижесін қайталаған болатын. Алдағы чемпионаттың бағдарламасында 6 сайыс бар. Біздің спортшылар алтауында да өнер көрсетеді. Бүкіл маусым бойынша біздің спортшылар осы чемпионат үшін дайындалды», - дейді Қазақстан шаңғы жарысы ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.
Шаңғы жарысы бойынша Әлем чемпионатының кестесі:
21.02.2019 - Спринт, еркін стиль, ерлер және әйелдер тобы
23.02.2019 - Скиатлон, ерлер және әйелдер тобы
24.02.2019 - Командалық спринт, ерлер және әйелдер тобы
26.02.2019 - Жарыс, 10 шақырым кл.стиль, әйелдер тобы
27.02.2019 - Жарыс, 15 шақырым, кл.стиль, ерлер тобы
28.02.2019 - Эстафета, әйелдер тобы
01.03.2019 - Эстафета, ерлер тобы
02.03.2019 - Масс-старт, 30 шақырым, еркін стиль, әйелдер тобы
03.03.2019 - Масс-старт, 50 шақырым, еркін стиль, ерлер тобы.