Ауыл әкімдері қандай жағдайда қызметтен босатылуы мүмкін
«Ілеспе заң жобасы Жергілікті мемлекеттік бақсрау және өзін-өзі басқару, Мемлекеттік қызметі туралы және Саяси партиялар туралы заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Барлығы 20 түзетуден тұрады», - деді Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.
Вице-министрдің айтуынша, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілетін түзетулер әкімдердің өкілетін мына жағдайларда тоқтатуды көздейді:
1. Егер әкімді партия ұсынған болса, партия мүшелігінен шығарылған жағдайда;
2. Мәслихат сенімсіздік білдірген жағдайда, оның ішінде жергілікті қауымдастықтың жиыны тиісті шешім шығарған жағдайда;
3. Мемлекеттік қызмет туралы заңның өзге де негіздемелері бойынша, яғни, сот шемімімен немесе өз еркімен қызметтен босатылуы, азаматтықтан айырылыу және т.б;
«Сонымен қатар, жергілікті мәслихат депутаттарына ауыл әкімінің әрекеттерін тәртіптік кеңесте қарау өкілетін беру қарастырылып отыр», - деді министрдің орынбасары.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер таныстырылып жатыр. Заң жобасы бойынша, әкімдер сайлауын алғашқы екі жылда ОСК қаржыландырады .
Еске сала кетсек, Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталып жатқанын мәлім еткен болатын.