Ауыл әкімдерінің есебі басталды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің әкімі Мұрат Әшірбековтің 2016 жылғы атқарған жұмыстары және алдағы атқарылатын міндеттері бағытындағы жұмыстары бойынша есепті кездесуі болып өтті.
Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.
Төңкеріс ауылдық округі бойынша егілген дақылдардың әр гектарынан: күріш - 60,8 цн/га, барлығы - 8912 тонна, бидай - 10 цн/га, барлығы - 160 тонна, ескі жоңышқа - 70 цн/га, барлығы - 5075 тонна, картоп - 250 цн/га, барлығы - 1125 тонна өнім жиналды.
Сонымен бірге ауылда мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен орындалуда. Атап айтқанда, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда 17 сауда нүктесі, 1 күріш ақтау диірмені және 40 орындық монша тұрғындарға қызмет көрсетеді. 2016 жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша кәспкерлікпен айналысу үшін барлығы 9 адам 31 000 000 теңге көлемінде несие алып, кәсіпкерлікпен айналысуда.
2016 жылдың жағымды жаңалығының бірі ол - жаңадан типтік жобадағы дәрігерлік амбулаторияның ауыл тұрғындарының пайдалануына берілуі болып отыр.
Алдағы уақытта спорт кешенін салу және ауылішілік Уәлиханов, Дүйсеков, Сапахов, Абай және Абай бұрылысы көшелерін орташа жөндеуден өткізу жоспарда бар.
Есепті кездесуде ауыл ақсақалдары мен тұрғындары өз ой-пікірлерін ортаға салып, жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.