Ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы облысы бойынша экономикалық және жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері ауыл әкіміне қатысты, «пара алғандығы үшін» - ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 тармағының 4-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ауыл әкімі Ж есімді азаматтан жер теліміне жекеменшік құқығын беру туралы шешімді шығару үшін бес мың АҚШ долларын делдал арқылы бопсалаған.