«Ауыл – ел бесігі» аясында 6,5 мың жоба іске асырылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл – ел бесігі» аясында 6,5 мың жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы аталған жобаның орындалуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл – ел бесігі» аясында 6,5 мың жоба іске асырылып жатыр

«Осы жылы іске асырылып жатқан бағдарламалар аясында 566 млрд теңге сомасына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 6,5 мың жоба іске асырылуда», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 2,5 мың шақырым инженерлік желілер және 5 мың шақырым кент ішіндегі жолдар жаңғыртылатын болады.

«632 мектеп пен балабақшар, 70 денсаулық сақтау нысаны, 300 мәдениет үйі, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен спорт залдары салынады және жөнделеді», - деді Әсет Ерғалиев.