«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асыру жалғасады – Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асыру жалғасады – Мемлекет басшысы

«Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерінде шамамен 30 млн адам өмір сүреді, миллион тұрғыны бар бірнеше қала орналасқан. Қаақстандық тауарларды ілгерілету үшін ресейлік билікпен тығыз өзар іс-қимыл, инвестиция тарту – қазақстандық шекара маңын дамытудың өте маңызды факторы», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті ауыл әлеуетін толық ашу проблемасы да стратегиялық маңызды мәселе болып қала беретіндігін баса айтты.

«Ауылдағы ең өткір проблемаларды шешуге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Өңірлік дамудың жаңа әдістері урбанизация процесін басқаруға, «көші-қон толқынының» кезең-кезеңмен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ірі қалаларда халық санының артып кетіп, әлеуметтік шиеленісті болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.