Ауыл гүлденсе, жастар туған жеріне оралады – вице-премьер
«Ауылдың мәселесін шешіп алмайынша, қаланың мәселесі шешілмейді. Азық-түлік қауіпсіздігінен өзге, көші-қон мәселесі де бар. Ауыл гүлденсе, қалада білім алған жастар туған жеріне оралады. Мемлекет қандай жағдай жасаса да, әр адам түпкі шешімді жұмыс істеуге деген жеке қалауына қарай қабылдайды. Әркім өзіне, жақынына, істеген ісіне жауапкершілікпен қарай бастаған кезде бұдан да гүлденген қоғамда өмір сүретін боламыз», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Вице-премьер «AMANAT» партиясымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасына егжей-тегжейлі тоқталды.
Өз кезегінде, жастар жасөспірімдер спортын дамыту, ЖОО-да өндірістік тәжірибені жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау және басқа да мәселелер жөнінде сұрақ қойып, ұсыныс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Съездің пленарлық отырысы барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы жаңарды. Сондай-ақ, жастар ұйымының атауы «Жастар рухы» болып өзгертілді.