Ауыл мен қаланың өмір сүру деңгейін теңестіру керек - сенатор А.Бижанов

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Ауыл мен қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін теңестіру керек. Бүгін Қазақстандағы үздік әлеуметтік жобаларға арналған республикалық конференцияда ҚР Парламент Сенаты мәдени-әлеуметтік даму комитетінің төрағасы, депутат Ақан Бижанов осылай айтты.

Ауыл мен қаланың өмір сүру деңгейін теңестіру керек - сенатор А.Бижанов

«Біздіңше, өмір сүру сапасы стандарттарының жалпы қазақстандық жүйесін аймақтар, қалалар мен ауылдардың деңгейін теңестіре алатын арнайы реттеуші тетіктермен толықтыру қажет», - деп атап көрсетті А.Бижанов.

Айта кетейік, бүгінде өмір сүру сапасының жаңа стандарттарына арналған екі заң жобасы әзірленді. Аталған құжаттарға сәйкес, жаңа стандарттар Қазақстан халқын жұмыспен, таза ауыз сумен, баспанамен, денсаулық сақтау мен біліммен қамту сияқты негізгі көрсеткіштерді айқындайтын болады. Оның барлығы заң жүзінде бекітілсе, мемлекеттік органдар сол бойынша жұмыс істеуге міндеттеледі.